Жаңалықтар

Несие қоржынының сапасын жақсарту үшін: Кcell байланыс операторы AIX биржасында облигация орналастырып, нарықтан 30 млрд теңге тартпақ

Кcell не үшін үшінші рет облигаци орналастырд? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов.

Кcell компаниясы AIX – Астана халықаралық биржасына 30 миллиард теңгенің облигацияларын орналастырды. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасындағы хабарламасында жазылған.

Байланыс операторы әрқайсысының номиналды құны 100 миллион теңге болатын 300 купондық облигация шығарған. Купондық мөлшерлеме – Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне +0,5%. Бұл – облигациялардың үшінші шығарылымы.

Нарықтан тартылған қаржы компанияның «несие портфелінің параметрлерін жақсартуға» жұмсалады.

«Облигацияларды орналастырудан түскен қаражат стратегиялық мәселелерді одан әрі шешу және «Кселл» АҚ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында несие портфелінің параметрлерін жақсартуға бағытталады», – делінген компания хабарламасында.

Алғашында Kcell нарыққа 700 облигациясын шығарып, сырттан 70 млрд теңге тартты. Ал 11 маусымда екінші шығарылымын орналастырып, нарықтан 25 млрд теңге тартатынын мәлімдеді. Бағалы қағаздар облигациялық бағдарлама аясында теңгемен шығарылды. Жалпы саны – 250 дана, әрқайсысының құны 100 млн теңге болған. Бұл шығарылымда купондық мөлшерлеме көрсетілмеген. Үшінші шығарылымы арқылы 300 млрд теңге тартуды көздеп отыр.

Жақында компанияның 10% және одан да көп акциясына иелік ететін акционерлерінің құрамы өзгертілді. Бұған дейін бұл тізімге «Қазақтелеком» (51% акция) және Ғалымжан Есенов (14,87%) кірген болатын. Енді оларға Jusan Bank қосылды. 2024 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша банк акциялардың 9,08%-ын иеленді.

2024 жылдың қаңтар-маусым айларында Kcell ұялы байланыс операторының ХҚЕС бойынша таза кірісі 3,3 есеге, яғни 5,491 млрд теңгеге дейін қысқарды.