Ақтөбе облысында «Сыбаға» бағдарламасына бөлінген 1 млрд теңгені жымқырғандар 5 жылға сотталды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Сыбаға» бағдарламасының 1 млрд теңгесін жымқырғандар сотталды /Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ақтөбе облысында «Сыбаға» бағдарламасы аясында 1 млрд теңге жымқырған. 4 шаруа қожалығының 3 өкілі жалған құжат ұсынып, асыл тұқымды ірі қара сатып алуға бөлінген субсидияны қолды қылған. Алаяқтардың кінәсі дәлелденіп, әрқайсысы 5 жылдан арқалады.

Олар «Аграрлық несие корпорациясы» (АНК)АҚ Ақтөбе филиалынан несие алып, мемлекетке 1 млрд теңге залал келтірген.

«Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ІҚМ сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталды», – делінген Қаржы мониторингі агенттігі хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтеліп, сот үкімімен 3 адам 5 жылға бас бостандығынана айырылған. Олар агроөнеркәсіп кешені саласында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Олардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленген.

Ақтөбе облысында жалған құжат жасап, бөгде тұлғаларға шаруа қожалығын тіркеп, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 970 млн теңге несие алғандар жайлы былтыр қарашада белгілі болды.

ҚМО сол кезде асыл тұқымды ірі қара сатып алуға бөлінген несие қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, сондай-ақ бөгде тұлғаларға шаруа қожалығын ресімдеген 3 тұлға анықталғанын хабарлады. Оларға қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған болатын.

Сонымен қатар 2023 жылы АНК Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары алаяқтық әрекеті үшін сотталған. Оған осы «Сыбаға» бағдарламасына бөлінген 90 млн теңгені жымқырды деген айып тағылды.

Сондай-ақ оқыңыз