Жаңалықтар

Нұрдәулет Жұмағали паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Нұрдәулет Жұмағали паралимпиада күміс жүлдегері / фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Нұрдәулет Жұмағали Париж паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, Нұрдәулет Токио паралимпиадасында қола медаль иеленген еді.

Нұрдәулет Жұмабек 2021 жылы Токио жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып, үш қашықтықта жарысқа түсті. 29 тамызда еркін стильдегі 50 метрлік қашықтықта (S13 категориясы) іріктеуде 16 қатысушының ішінде 16-орынды иеленді. 30 тамызда 200 метрге кешенді жүзуде (SM13 категориясы) 14-орынға ие болды. Ал 1 қыркүйекте 100 метрге брасс әдісімен (SB13 категориясы) іріктеу кезеңінде екінші орынды алып, жалпы есепте үшінші орынмен финалға өтті. Финалда Паралимпиада-2020-ның қола жүлдегері атанды.

Қазақстанның қоржынында қазір бес медаль бар. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев пен пара дзюдодан Ақмарал Науатбек алтын медаль иеленсе, пара атқыш Еркін Габбасов күміс жүлде алды. Пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұкашбеков қола медальмен марапатталды.