Қазақстандық биржаларда ең көп саудаланған акциялар тізімі жарияланды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Биржаларда ең көп қайталама нарық акциялары саудаланған / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Astana International Exchange 2024 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша ең танымал акциялар тізімін жариялады.

Сауда-саттықтың жалпы көлемінің 59%-ын Solidcore Resources (бұрынғы Polymetal) компаниясымен жасалған мәмілелер құрады, жалпы алғанда, шілдеде сауда көлемі 4,7%-ға өсіп, 17,7 млн ​​долларға жетті. Алайда биржадағы жалпы сауда көлемі екі есеге, яғни 32,1 млн долларға дейін төмендеді.

«Жалпы сауда көлемі 32 187 145 долларды (15 402 001 675 теңге) құрады. Оның 55% немесе 17 711 817 доллары – үлестік құралдар», – деп хабарлады сауда алаңы.

Бұл ретте Қазақстан қор биржасына тоқталсақ. Тамызда биржадағы акциялар саудасының көлемі шілдемен салыстырғанда 83,4%-ға немесе 45,8 млрд теңгеге азайып, 9,1 млрд теңгені (18,9 млн доллар) құрады.

Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қарапайым акцияларына тиесілі болды. Оның көлемі 1,5 млрд теңгені құрады (акциялар индексімен жалпы сауда көлемінің 19%-ы).

«Тамыздағы акциялар саудасы тек қайталама нарықта жүрзізілді. Орташа күнделікті сауда көлемі 433,2 млн теңгені құрады, транзакциялардың орташа күндік саны – 6596-ға жетті. Ал бір транзакцияның орташа көлемі 65,7 мың теңгені құрады», – деп хабарлады Қазақстан қор биржасы.

Еске сала кетсек, KASE араб цифрлық сауда платформасы Tabadul Hub-қа қосылған еді. Бұл инвесторлардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. 

Сондай-ақ оқыңыз