«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржы қызметтерін реттеу комитетінің басшысы Нұрхат Күшімов Astana Finance Days барысында Павел Дуровтың криптовалютасын тіркеуге қатысты ақпарат берді.
«Павел Дуровтың криптовалютасы (TON) 100-ден астам басқа танымал токендермен бірге лицензияланған биржаларда сауда жасауға рұқсат алды. Арнайы тек осы құралды тіркеген жоқпыз. Өнеркәсіп дамыған сайын криптовалюта биржалары активтердің ашықтығы мен қадағалануын сақтай отырып, сауда жасау үшін токендерді еркін таңдауға болады», – деді спикер.
Еске сала кетсек, 2024 жылғы маусымда «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржы қызметтерін реттеу комитеті Toncoin-ді лицензияланған платформаларда саудалау үшін мақұлдады.
Айта кетсек, 24 тамызда Telegram мессенджерінің иесі, миллиардер Павел Дуров Париж әуежайында ұсталды. Ол Ле Бурже әуежайына Әзербайжаннан жеке ұшағымен қонған сәтінде тұтқындалды.
Ал 28 тамыз күні Дуров 5 млн еуро төлеп, кепілмен бостандыққа шықты.
Toncoin (TON) – бұл Telegram желісінде қолданылатын криптовалюта. Осы ақпараттан кейін аталған құрал акциялары 17%-ға құлдырады.
Дуровтың тұтқындалғаны туралы хабар тараған соң, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Қазақстан журналистер одағы француз билігін Павел Дуров пен Telegram командасынан кінарат іздемеуге шақырды.