Паралимпиада-2024: ядро лақтырудан Дастан Мұқашбеков қола жүлде иеленді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дастан Мұқашбеков қола жүлдеге ие болды / фото: ұлттық олимпиада комитеті

XVII жазғы Паралимпия ойындарында Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.

Қазақстан командасының мүшесі Мұқашбеков ядро лақтырудан өзінің ең үздік мүмкіндігінде ядроны 16 метрге лақтырды. Бұл Азия құрлығының жаңа рекорды. Сондай-ақ, қарағандылық спортшының Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі!

Алтын медальді Владимир Свиридов (17.18 метр) еншілесе, күміс жүлде Кокоити Аланға (15,84 метр) бұйырды. Екі спортшы да бейтарап ту астында өнер көрсетті.

Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы әзірге үш медаль еншіледі. 

Давид Дегтяров пара пауэрлифтингтен чемпион атанса, Еркін Ғаббасов нысана көздеуден күміс, Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола медаль жеңіп алды. 

Еске сала кетейік, кетейік, 2021 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстан 1 алтын (Д. Дегтярев), 3 күміс (Ануар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина), 1 қола (Нұрдәулет Жұмағали) медаль иеленген. Бұл ойындарға ел атынан 7 спорт түрінен 26 спортшы қатысқан. Ал, биыл Қазақстан намысын 44 спортшы қорғайды.

Сондай-ақ оқыңыз