Прокуратура бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан тағы 3 компанияны қайтарып алмақшы. Министр заңсыз иеленген компаниялардлың нарықтағы құны 3,5 млрд теңгені құрайды. Бұл жайлы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабрлады.
«Астана мен Алматыда прокурорлардың талап қоюлары бойынша бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 млрд теңгеден астам сомаға тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүруде»,- делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Прокуратура мәліметінше, 2019 жылы бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен үлестес жеке компания су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін өз пайдасына 332 млн теңгеге сатылған.
Алматы қаласында орналасқан бұл кәсіпорынның құны сатылғанға дейін 662 млн теңгеге бағаланған. Бірақ кешеннің нарықтық құны 1,213 млрд теңгені құраған. Сату кезінде кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтері төмендетіп көрсетілген. Осылайша заңсыз сатылғаны себепті Алматы қаласының прокуратурасы талап қойып, сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныған.
7,6 мың шаршы шақырымда жатқан спорт мектебінің әкімшілік ғимараттары, спорт залдары және басқа да мүлкі, сондай-ақ 4,9 га бос аумағы болған. Мұны бәріне Nomad’s Land ЖШС иелік еткен. Прокутура ақпаратына сүйенсек, бұл компания Арыстанбек Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі.
Прокуратура 4,8 млрд теңгенің мүлкін қайтарып алмақшы
Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласында тексеру жүргізіп, 4,8 млрд теңгеден астам сомаға мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қойған. Бұл сома ішінде жоғарыда аталған спорт мектебіне қатысты іс те бар.
Бұден бөлек Тексеру шеңберінде Ұлытау облысының прокуратурасы Қарағанды мемлекеттік мүлік департаменті басшыларының бірін сотқа берген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол мемлекетке 184 млн теңгеге залал келтіруге әкеп соққан мемлекеттік меншік объектісін иеліктен шығару кезінде немқұрайлылық танытқаны үшін айыпталып жатыр.
«Тексеру қорытындысы бойынша Бас прокуратураның ұсынуы бойынша жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар үшін мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 35 лауазымды адамы, оның ішінде өңірлік департаменттердің бірінші басшылары жазаланды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Айта кетсек, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйі және Ұлттық музейге қатысты қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталды.
Ал 5 шілде күні Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның адвокатына қатысты сот үкімі аппеляциялық тәртіпте қаралып, өзгеріссіз қалғаны хабарланды.
Министр сот үкімімен келіспей, тағы да аппеляциялық шағым түсірген. Бірақ аппеляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімін өзгеріссіз қалдырды.