Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысындағы ақау жойылып, өндіріс іске қосылды

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: kursiv.media архивінен

5 тамыз күні Атырау мұнай өңдеу зауытында бутендерді олигомеризациялау қондырғысы іске қосылды. «Қазмұнайгаз» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша қазіргі кезде өндіріс штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

4 тамыз күні зауытта апатты жағдай болды. Сағат 21:30-да Е — 1604-жылу алмастырғыш аппаратынан газ кетуі себебінен бутендерді олигомеризациялау қондырғысы тоқтатылды.

«Туындаған мәселені жою жоспарына сәйкес реактор блогы жүйесін газ қалдықтарынан алау құбырына тастау арқылы босату қажет болды. Алаудағы көмірсутек газы жанған кезде зиянды қоспалар түзілмейді. Құрамы бойынша бұл газ күнделікті өмірде қолданылатын тұрмыстық сұйытылған газға ұқсас», – деп түсіндірді компания.

5 қыркүйек күні таңда газ алауы сөндірілген. Кейін мамандар қондырғыны іске қосуға жұмылдырылды. Сағат 16:00-де технологиялық қондырғы өндірістік режимге оралды.

Әлеуметтік желіде Атырау қаласының тұрғындары зауыт шикізат жаққанда ауаны сасық иіс жайлап, тыныс алу мүмкін болмай қалғанын жазды. Атырау әкімдігі бұл жайтқа байланысты тергеу басталғанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз