Жаңалықтар

Дәмханаларда қызмет үшін төленетін 10% ақыға тыйым салынуы мүмкін

Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Бұдан былай мейрамхана, дәмхана және басқа да қоғамдық демалыс орындары өз меймандарынан көрсетілген қызмет үшін қосымша 10%-дық ақыны ала алмайтын болады. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев міндетті қызмет ақысын алып тастауға қатысты арнайы ереже әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Сенат куларында БАҚ өкілі мейрамханалар мен өзге де қоғамдық тамақтану орындары көрсетілген қызмет үшін тұтынушылардын 10% ақы алатынын еске салды. Алайда оған тұтынушылар наразылық білдіріп жатады. Клиент чегіне 10-15% мөлшерінде қызмет көрсету бағасын қосу қаншалықты заңды екенін сұрады?

Министрдің мәлімдеуінше, егер тұтынушы ондай қоғамдық орынға қызмет көрсету шарттары жазылған ақпаратты көріп ғимарат ішіне кірсе, онда ол сол мекеменің талабымен келіскенін білдіреді.

«Мен инсайдерлік ақпаратпен бөлісе кетейін. Біз қазір ішкі сауда ережелеріне өзгертулер әзірлеп жатырмыз. Егер сізге қызмет көрсетілсе және ол сол қызметтің ішінде болса, онда қосымша ақы алынбауы керек деп есептейміз. Әрине мұндай өзгерісті қолдауға барлығы бірдей дайын болмайтыны анық, соған қарамастан біз ол ұсынысты дайындап жатырмыз. Бұл қызмет көрсету бойынша мәжбүрлі төлеу және басқа да  жарналарға қатысты. Тек қызмет көрсету сапасы көңіліңізден шығып, өз қалауыңыз бойынша беруді шешсеңіз  ғана» , – деп жауап берді Арман Шаққалиев Сенат кулуарында.

Бұл мәселеге қатысты ұсыныс қазіргі уақытта әзірленіп жатыр. Министрдің түсіндіруінше, егер қызмет құны клиентке қызмет көрсету ішіне кіретін болса, онда қосымша ақшалай сыйақы төлеп керек емес.  

Айта кетейік, бұл жаңашылдық қазан айында дайын болады. Шаққалиев бұл өзгеріс бизнес өкілдерінің көңілінен шықпауы әбден мүмкін екенін айтады.

«Әрине, кейбір кәсіп иелері ақша табудың қосымша мүмкіндігінен қағылғысы келмей, қарсылық танытары сөзсіз. Бұл қалыпты жағдай. Сондықтан біз олармен ашық диалог жүргіземіз», – деп мәлімдеді министр.

Еске салсақ, кеше, 4 қыркүйекте Мәжіліс «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы заң жобасының жаңа редакциясын және оған ілеспе заң жобасын мақұлдады. Заңда көрсетілгендей енді Қазақстандағы интернет-дүкендер қазақ тілінде қызмет алу тетігін қосуға міндеттеледі.