Украинадағы арнайы операцияны тастап Қазақстанға қашқан офицерді Ресей соты 6 жылға соттады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Ресейдің қауіпсіздік қызметкерлері оны Астана қаласынан ұстап алып кеткен / Фото: Shutterstock

Биыл сәуір айында Қазақстанда ұсталған Ресей әскерінде келісімшарт бойынша қызмет атқарған Камиль Касимов алты жылға сотталды. Ресей соты оны Украинадағы соғысқа қатыспау үшін әскерден кетіп қалғаны үшін айыптап отыр.

Түмендік азамат Украина аумағындағы арнайы операцияға қатысқан, алайда кейін қызметін тастап, елден кетіп қалған. Қазақстаннан пана іздеген оны Ресейдің арнайы жасағы Астанада ұстайды.

«Ол Астанада тұрып жатты. Сосын оны ресейлік қауіпсіздік қызметкерлері ұстап, Приозерск қаласына жеткізді. Ол жақтан Ресейге, әрі қарай Омбыға алып кетті. Ол өз кінәсін мойындады. Қашып кеткені үшін 6 жылға сотталды», – деп мәлімдеді сотталушының таныстары.

72.RU ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Камил Касимов Түменде дүниеге келген. Сол жақтағы  колледжде оқыған. Арнайы әскери операцияға келісімшарт бойынша әскери қызметші ретінде қатысқан. 

Осыған дейін Ресейдің Орал қаласында Қазақстан азаматын украиналық ұранды айтқаны үшін 13 тәулікке сотталған еді. Ресей басылымының ақпаратына сүйенсек, Свердлов облысының Ревдинск қалалық соты полиция бөлімшесінде «Слава Украине» деп ұрандатқан Қазақстан азаматы Андрей Хохловқа 500 рубль көлемінде айыппұл салып, 13 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарған. Айыппұл ұсақ бұзақылық жасағаны, яғни балағат сөздер айтқаны үшін салынса, экстремистік ұйымның сәлемдесу атрибутын насихаттағаны үшін 13 тәулікке қамалған.

Сондай-ақ оқыңыз