Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына байланысты бірнеше жол уақытша жабылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
игры
Астанада жолдар жабылады / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Денис Андреев

Астанада ЭКСПО ауданында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына байланысты бірнеше жол уақытша жабылады. Бұл туралы елорда Көлік басқармасы хабарлады.

«Бірлік керуені» шарасына байланысты 6 қыркүйек күні сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін Түркістан және Ақмешіт көшелері бойындағы ЭКСПО маңында кейбір жолдар уақытша жабылады», — делінген хабарламада.

«Бірлік керуені» — Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бір бөлігі. Қазақстанның 20 аймағынан келген қатысушылар бірігіп керуенмен өтеді.

«Шара өтетін күні әр аймақ өкілдері бастаған керуен (оның құрамында спортшылар, қоғам қайраткерлері, батырлар бар) Астанаға Қазақстанның қасиетті бұлақтарынан алынған суды жеткізеді. Елдің әр түкпірінен жиналған бұл су Астанадағы көшпенділер ойындарының басты символы болмақ», — деп атап өтті әкімдік.

Сонымен қатар іс-шара барысында «Royal Beats» барабаншылар ансамблі мен «Жошы» тобының қатысуымен концерт өтеді. Қазақ эстрадасының жұлдыздары: Aro, Қуандық Рахым, Маржан Арапбаева, Ғазизхан Шекербек, Ақбота Керімбекова, Ayree, Мирас Жүгінусов және «Бәйтерек» тобы да өнер көрсетеді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанда өткізіліп, сол уақыттан бері үш рет Чолпон-Ата қаласында халықаралық жарыстар ұйымдастырылды. 2022 жылы ойындар Түркияның Изник қаласында өтіп, оған 82 елден 3000-нан астам спортшы қатысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қашан, қай жерде және қалай өтетіне туралы жазған едік.

Сондай-ақ Қазақстан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 5,7 млрд, ал әр ойыншыға 1,8 млн теңге ақша жұмсамақшы.

Сондай-ақ оқыңыз