Әлемге танымал Minecraft ойыны туралы фильм көрермендерге жол тартады

Жарияланды 6 Қыркүйек 2024 10:30

(жаңартылды 6 Қыркүйек 2024 11:38)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Minecraft movie / фото: скрин, коллаж: Kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Әлемге танымал Minecraft ойыны туралы фильм көрермендерге жол тартады. Бұл туралы Warner Bros. Pictures киностудиясы хабарлады.

Киностудияның мәліметінше, фильм төрт ойыншының Minecraft әлеміне түсіп қалуымен басталады. Өз әлеміне оралу үшін олар Стив есімді қызықты кейіпкермен бірігіп, қорқынышты құбыжықтарға қарсы күреседі. Фантазиялық әлемді құтқарған жағдайда ғана өз үйлеріне оралады.

Фильмнің актерлік құрамына Джек Блэк, Джейсон Момоа және Эмма Майерс кірді. Ең қызығы, Джек Блэк фильмде өз музыкалық шеберлігін де көрсетеді. Фильм 2025 жылы сәуір айында кинотеатрларға шығады деп жоспарланып отыр.

Warner Bros. трейлердің сипаттамасында бұл Minecraft-тың алғашқы экранизациясы екенін және оның тарихтағы ең танымал ойындарының бірі болғанын атап өтті.

Бір минуттық тизер студияның ресми YouTube арнасында жарияланып, жанкүйерлерге киноның бірнеше сәттерімен танысуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Minecraft ойыны – швед әзірлеушісі Маркус Перссон жасаған және Mojang Studios шығарған танымал компьютерлік ойын. Minecraft-тың нақты мақсаты мен сюжеті жоқ. Ойыншыға толықтай еркіндік беріледі. Ол үй мен қамалдан бастап, тұтас қалаларға дейін сала алады. Жалпы ойын ережесі бойынша ойыншы текшелерден түрлі нысан жасап, сол шексіз әлемде аман қалуы керек. Ойыншылар виртуал әлемде арнайы белгілер арқылы саяхаттайды. Мамандар бұл ойын шын өмірде баланың айналадағы бағыт-бағдарын айқындауға көмектесетінін айтады. Мысалы, орманда адасып кетуден сақтайды деп сенеді.

Ашық әлем (Minecraft) ойыны 2011 жылы шыққаннан бастап бүгінгі күнге дейін өсіп, дамып келеді. Сондықтан Minecraft ең көп сатылатын ойын саналады. ActivePlayer.io мәліметтері бойынша, 2023 жылы ойынға ай сайын 178 миллионға дейін пайдаланушы қосылды. Сондай-ақ 2023 жылы 300 миллион данасы сатылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Меломан» компаниясы Disney-дің «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» және «Ақшақар» анимациялық фильмдерінің қазақ және орыс тілдеріндегі ресми трейлерлерін жариялағаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз