Министрлік Паралимпиада жүлдегері Ғаббасовтың ипотекасын жауып берді

Жарияланды 6 Қыркүйек 2024 15:47

(жаңартылды 6 Қыркүйек 2024 17:26)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Министрлік Паралимпиада жүлдегері Еркін Ғаббасовтың ипоктекасын жауып берді / Фото: Туризм және спорт министрлігі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Паралимпиада жүлдегері Ғаббасовтың ипотекасын жауып берді деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мерген Еркін Ғаббасовты құттықтап, «Үздік цифрландырушы» төс белгісімен марапаттады. Сонымен қатар министрлік оның ипотекалық қарыздарын жабуға көмектесу үшін 7 миллион теңгелік сертификат табыстады.

Айта кетейік, Ғаббасов 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатыр екен.

«Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиададағы оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Еркін 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатқан білікті маман. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы», – деді министр.

Еске сала кетейік, Еркін Ғаббасов Парижде өткен Паралимпиада ойындарында нысана көздеуден күміс жүлдегер атанған еді.

Қазақстанның қоржынында қазір бес медаль бар. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев пен пара дзюдодан Ақмарал Науатбек алтын медаль иеленсе, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұкашбеков қола медальмен марапатталды. 

Сондай-ақ оқыңыз