US Open-2024: қазақстандық теннисшілер қанша табыс тапқаны белгілі болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
US Open-2024: қазақстандық теннисшілер қанша табыс тапты? / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Теннистен US Open-2024 чемпионатында қазақстандық ойыншылардың қанша табыс тапқаны белгілі болды.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының мәліметінше, биыл негізгі және іріктеу турнирінің барлық кезеңдерінде жүлде қоры ұлғайтылады. Іріктеудің соңғы кезеңінде жеңіліс тапқандар биыл $52 000 алады. Негізгі сетканың бірінші айналымында жеңіліс тапқандар $100 000 табады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 23%-ға көп.

Аталмыш «Үлкен дулыға» жарысында қазақстандық теннисшілер бәрін қосқанда, 1 млн 4,250 мың АҚШ доллары немесе 484,3 млн теңге сыйақы алды. 

Юлия Путинцева 109,7 млн теңге

Қазақстандықтардың ішінде 225 мың доллар тапқан Юлия Путинцева алда тұр.
Ол жекелей сында үшінші айналымға дейін жетіп, италиялық Ясмин Паолиниге есе жіберді — 3:6, 4:6.

Александр Шевченко 73,7 млн теңге

Шевченко жекелей сында 140 мың, жұптан — 12,5 мың доллар тапты. Ол жекелей сында бастапқыда германиялық Доминик Кепферден (6:3, 7:5, 5:7, 6:2) басым түскенімен, екінші айналымда америкалық Фрэнсис Тиафодан ұтылды. Сондай-ақ, Шевченко жұптық сында аустриялық Тристан-Самуэл Вайссборнмен бірге алғашқы айналымнан аса алмады. 

Тимофей Скатов 73,3 млн теңге

Іріктеу сайыстарынан сәтті өтіп, алғашқы айналымда әлемнің 7-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачтан айласын асыра алмаған Тимофей Скатов 73,3 млн теңге (152 мың доллар) тапты.

Елена Рыбакина 67,5 млн теңге

Бастапқыда аустралиялық Дестани Айавадан 6:1, 7:6 (7:1) есебімен басым түсіп, сосын жарақатына байланысты турнирге қатысудан бас тартқан Елена Рыбакинаның еншісіне 67,5 млн теңге (140 мың доллар) иеленді.

Александр Бублик 48,2 млн млн теңге

Бірінші кездесуінде-ақ күтпеген жерден қытайлық Цзюнчэн Шаннан (4:6, 6:3, 7:5, 3:6, 4:6) өте алмаған Александр Бублик небәрі 48,2 млн теңгеге (100 мың доллар) қол жеткізді.

Іріктеуде алғашқы бәсекесінде ұтылған Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеевке 18,3 млн теңге (38 мың доллар) бұйырды.

Ал, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко және Зарина Дияс 12 млн теңгеден (25 мың доллар) алады.

Еске сала кетейік бұған дейін 2024 жылдың ең табысты теннисшілерінің қатарынан Елена Рыбакинаның шығып қалғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз