Tesla компаниясы жаңа көліктеріне арналған Actually Smart Summon (ASS) функциясын таныстырды. Бұл функция арқылы көлік 65 метр радиустың ішінде иесі тұрған жерге немесе картадан көрсетілген нүктеге келе алады.
ASS функциясы көшеде жаңбыр жауып тұрған кезде немесе адамның қолында ауыр сөмкелер болған жағдайда, көлік алыста тұрған кезде өте қолайлы. Бұл функцияны қосқанда, автокөлік өзі іске қосылып, қыздырылып, иесіне мүмкіндігінше жақынырақ келіп тоқтайды.
Компанияның мәліметінше бұл функцияны пайдалану үшін электромобильдің бағдарламасын 2024.27.20 нұсқасына дейін жаңарту және Tesla мобильді қосымшасын 4.36.6 немесе одан кейінгі нұсқаға дейін жаңарту қажет.
Сондай-ақ Tesla 10 қазанда роботаксилерді, жаңа гуманоид роботтарды және басқа да жаңалықтарды көрсететін презентация өткізуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Tesla 2025 жылдан бастап Қытайда Model Y кроссоверінің алты орындық нұсқасын шығаратынын туралы жазған едік.