Астана мен Алматы қалаларында жолға кететін уақыт 30%-ға өсті

Жарияланды 6 Қыркүйек 2024 17:11

(жаңартылды 6 Қыркүйек 2024 18:10)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Жолға кететін уақыт 30%-ға өсті / Фото: kursiv.media архиві

Астана мен Алматы қалаларында жолға кететін уақыт 30%-ға өсті. Бұл туралы Sergek ITS көлік жүйесі хабарлады.

Sergek Group баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 қыркүйек күні Астана қаласында таңғы 7:00-де Сарайшык көшесіндегі орташа жылдамдық 26 тамыздағы дүйсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 20%-ға төмендеді. Бұл күні Сарайшык көшесіне 7,5 мың көлік орнына 11 мыңнан астам жүргізуші шыққан.

Алматы қаласында көлік қозғалысы ең көп жүктелген даңғылдар – Әл-Фараби және Абай даңғылдары болды. 2 қыркүйек күні таңертең батыс бағытта Әл-Фараби даңғылына 8 мың көлік орнына 11 мың көлік шығып, қозғалыс жылдамдығы 15%-ға төмендеген. Ал Абай даңғылында екі бағытта да 17 мың көлік орнына 23 мың көлік шығып, қозғалыс жылдамдығы бірден 25%-ға төмендеген.

Осылайша, оқу жылы басталғанға дейін жүргізуші жолға шамамен бір сағат уақыт жұмсаса, қазіргі жылдамдық пен кептелістерді ескерсек, бұл уақыт шамамен 1 сағат 20 минутқа созылады.

Айта кетейік, Sergek ITS (Intelligent Transportation System) – бұл қаладағы кептелістердің себептерін анықтауға, қоғамдық көлік үшін тиімді бағыттар мен кестелер құруға, қалалық инфрақұрылымды жоспарлауды өзгертуге мүмкіндік беретін интеллектуалды көлік жүйесі.

Сондай-ақ оқыңыз