Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Көкшетаудағы ЖЭО құрылысы 10 қыркүйек күні басталатынын хабарлады.
«Көкшетау жайына тоқталсақ, біз көмір қуаты туралы ұмытпаймыз. Біз не жел, не газ, тіпті шамамен атом күшімен қуат өндіреміз деп отырған жоқпыз. Барлығын да пайдалануымыз керек. Көміртек саласында ондаған мың жұмыс орны бар. 10 қыркүйек күні заманауи нысан құрылысын бастаймыз», – деді министр Көкшетаудағы еңбек ұжымдарымен кездескенде.
А. Сәтқалиев жоба бойынша нысан заманауи стандарттарға жауап беретінін айтты.
«Қазіргі уақытта қаржы бөлінді. Орталықтандырылған жылыту жүйесі арқылы шығарындылар бөлетін қазандықтар мәселесін шешеміз. Бірінші кезең бойынша қазақстандық заңнамаға және экология талабына сай станция саламыз. Екінші кезеңде оның еуропа стандарттарына сәйкес жұмыс істеуі үшін қосымша қондырғылар орнатылады», – деді ведомство басшысы.
Шілде айында облыс әкімі Марат Ахметжанов «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерімен өткізген кеңесте Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысының жобасын іске асыру мәселелерін талқылады. Сол кезде жаңа нысан 2024 жылдың үшінші тоқсанында салынатыны айтылған. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Көкшетау ЖЭО», «Семей Энерго» және «Өскемен Энерго» жылу энергия орталықтарының 50%-на иелік етеді.
ЖЭО құрылысына 239 млрд теңге жұмсалады. Бұл жайында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ақмола облысына барғанда мәлімдеді.