Qalam порталының апталық топтамасы: Шоқан Уәлиханов жайлы, «Көшпенділер ойынының» ең тартысты ойыны қандай?

Жарияланды 7 Қыркүйек 2024 10:00

(жаңартылды 6 Қыркүйек 2024 17:20)
Qalam порталының апталық топтамасы / Фото: shutterstock

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада: Шоқан Уәлиханов: ғалым әрі саяхатшы, Скандинав халқының ақырзаман туралы түсінігі, қабан азуынан жасалған дулығаның тарихы, «Көшпенділер ойынының» ең тартысты ойын түрі және Қаратаудан табылған шайқасқан түйелердің петроглифі.

Шоқан Уәлиханов

Ә.Қастеев «Ш.Уәлихановтың портреті», 1951/ Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі

Шоқан Уәлихановтың ғұмыры қысқа болғанымен, қазақ пен орыс халқының тарихында өшпес із қалдырды. Оның өмірінде саяхат, таңдау, барлау қызметі, ғылым және соғыс та болды. Ал қазір ғалымның өмірден өткеніне екі жүз жыл өтсе де, оның өмір тарихына қатысты жауабы жоқ  сан сауалдар қалды.

Құдайлардың ақыры: ақырзаман қалай орнайды?

Один, Фенрир, Фрейр және Сурт. Суретші: Эмиль Дёплер/Alamy

Ақырзаман таяп қалғанда, Фенрир қасқыр шынжырдан босап шығып, аспан түнереді, сол кезде теңіз астынан өлгендер мінген кеме көтеріледі… Ежелгі заманда өмір сүрген скандинав халқының ақыр заман туралы түсінігіне не әсер еткен және олар сипаттаған күн уақытынан бұрын болып қоюы мүмкін бе?

Қабан азуынан жасалған дулыға

Афина акропольіндегі б.з.д. 12-14 ғасырлардағы Микендік камералық қабірден табылған қабан азу дулыға киген жауынгердің піл сүйегінен жасалған бас сүйегі. Афина Ұлттық археологиялық музейінде тұр/Alamy

Ежелгі грек батырлары — Илиада мен Одиссей кейіпкерлерін ойға алғанда көбіне оларды шошағы бар қола дулыға киген кейіпте елестетеміз: бізге мұны антика өнері мен әлемдік көркем сурет қазынасы осы бейнеде ұсынады. Шынтуайтында грек жауынгерлері қорғаныс қаруының түр-түрін киген. Солардың бірі Одиссейдің атасы ұрлап кеткен ежелгі грек дулығасының қысқаша тарихы

Қаратаудағы шайқасқан түйелер

Түйелердің төбелесі. Рендеринг/Ольга Гумирова

Ғалымдардың сөзінше, бұл суретте екі бастаудың, түн мен күннің қарсылығының құдіреті мен күшін паш еткен, шамамен Вэрэтрагн (үнді-ирандық халықтардың соғыс және жеңіс құдайы) жөніндегі мифтің иллюстрациясы. Миф бойынша, аталған Құдай 10 түрлі сипатта көрінген. Соның бірі түйе болған деседі.

Көкпар – білекті, ерік пен ақылды шынықтыратын жаттығу

Франц Рубо. Көкпар/Alamy

«Көшпенділер ойыны» кезінде көрермен көкпарға айрықша ден қояды. Оған деген қызығушылықтың себебі де түсінікті. Өйткені көкпар делебеңді қоздырып қана қоймай, ішіңде бұйығып жатқан өткен өмірдегі естелікті, шынайы еркіндікті, нағыз ерге тән мінезіңді оятады. Түркілердің ежелгі сүйікті ойыны туралы сайтымыздан оқыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз