Lifestyle

Этникалық музыка,  Димаш Құдайберген және Loboda. Алдағы аптада Алматы мен Астанада қандай концерттер өтеді?

Фото: kursiv.media

Күздің алғашқы аптасы да өте шықты. Қарқынды жұмыс маусымы да басталып кетті. Күздің қоңыр салқын кештерін ерекше әдемі ететін – мәдени шаралар, әсерлі кештер мен концерттер. Назарларыңызға келесі аптада Алматы мен Астана қалаларында өтетін  мәдени іс-шаралар тізімін ұсынамыз.

World Magic Ethno Music Show – 11 қыркүйек

«HasSak Ethno Folk Group» тобы 11 қыркүйек күні тыңдармандарын «World Magic Ethno Music Show» атты этникалық музыканың ұмытылмас кешіне шақырады. Ұйымдастырушылар бұл концерт қазақ халқының музыкалық дәстүрлері әлеміне терең еніп, рухани тынығатын кеш болады деп уәде етіп отыр. 

HasSak Ethno Folk Group – дәстүрлі және заманауи элементтерді үйлестіре отырып, мәдени мұраға деген сүйіспеншілікпен және құрметпен қарайтын ансамбль.

Әсерлі кеш Астана қаласындағы Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның «Конгресс холл» концерт залында өтеді. Басталуы: сағат 20:00.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

Loboda – 12 қыркүйек

Бейсенбі, 12 қыркүйек кешінде Queen Almaty мейрамханасының сахнасында Светлана Лободаның үлкен жеке концерті өтеді.

LOBODA – украиналық супержұлдыз, суперхиттердің орындаушысы, көптеген музыкалық жүлде жеңімпазы және әлемдік деңгейдегі тренсеттер.

Шығармашылық мансабында әнші көптеген ән шығарып, үнемі хит-парадтардың бестігінен түспей келеді. Еуропа мен ТМД елдерінде көптеген марапат пен миллиардтаған тыңдалым жинаған әншінің Алматыда да тыңдарманы жетерлік.

Әншінің жеке кеші 12 қыркүйек күні Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы 275 Б мекенжайы бойынша орналасқан Queen Almaty мейрамханасында өтеді. Қонақтар үшін арнайы дресс код бар: smart casual және коктейль үлгідегі киім. Кеш сағат 18:00-де басталады.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыз.

Димаш Құдайберген – 13-14 қыркүйек

Әлемдік деңгейдегі әншіге айналған Димаш Құдайберген Астанада екі күн қатарынан концерт беріп, көрерменін қуантпақ. Астаналық Dears жанкүйерлері артисті 13-14 қыркүйек күндері тыңдай алады. 

Димаш Құдайберген – әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдаған жанкүйері бар танымал тұлға. Талай өнер сүйер қауымның жүрегінен орын тапқан бұл орындаушының әндерін шетелдіктер де сүйіп тыңдайды, үнемі қосыла шырқайды. Оның концерттеріне де тыңдарман алыс-шалғай аймақтардан келе береді. Бұл жолы да Астанада сондай керемет кеш өтпек.

Димаш Құдайберген бүгінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар марапатының лауреаты. Бірқатар халықаралық байқау мен фестивальдардың жеңімпазы.

Өзінің шығармашылық мансабында Димаш Құдайберген Қытайда (Чанша, Фучжоу, Шеньчжень, Гонконг), Ресейде (Мәскеу, Сочи, Санкт-Петербург, Краснодар, Казань, Екатеринбург), Ұлыбританияда (Лондон), АҚШ-та (Нью-Йорк), Латвияда (Рига), Украинада (Киев), БАӘ (Дубай), Германияда (Дюссельдорф), Чехия (Прага), сондай-ақ кіндік қаны тамған туған жері Қазақстанда көптеген ауқымды концерт берген. 2017 жылы Қытайдың Шеньчжэнь қаласында MTV Global Chinese Music Awards музыкалық байқауында өнер көрсетіп, «Үздік шетелдік әнші» номинациясында жеңімпаз атанды.

Әншінің Астанадағы кеші Тұран даңғылы 48 мекенжайындағы Astana Arena-да өтеді. Кеш сағат 20:00-де басталады. 

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыз. Бір адамға төрт билеттен артық сатылмайды. 

MAYOT – 14-15 қыркүйек

Танымал хип-хоп орындаушы 14 қыркүйекте Алматыға, 15 қыркүйекте Астанаға қонақ болып, тыңдармандарын қуантуды жоспарлап отыр. 

«Лилия», «Триагрутрика» «Город дыма», «SahBabii Purple Ape», «DaBaby Go First» сияқты танымал әндердің орындаушысын жастар аудитория қуана қабылдайтыны анық. 

Әншінің Астанадағы кеші Тұран даңғылы, 21 мекенжайы бойынша өтеді. Басталуы сағат 19:00. Ал Алматыдағы кеш 15 қыркүйек күні сағат 19:00-ге жоспарланған. Кеш Қазыбек би көшесі, 43 мекенжайындағы  Motor club-та өтеді.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыз.