Lifestyle

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: жамбы ату басталды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: жамбы ату басталды/www.aa.com.tr/ru

8 қыркүйек күні сағат 19:00-де V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты түрде ашылады. Осы іс-шарадан тікелей трансляция ұйымдастырылады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күні жамбы ату спортымен басталды. Бүгін спортшылар «мажар» стилі бойынша сынға түседі.

Жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашевтің айтуынша, 27 мемлекеттен келген 80-ге жуық қатысушы жамбы ату спортының мажар стилінен өнер көрсетіп жатыр. Бұл стильдің ерекшелігі спортшы атпен жылдамырақ шауып, нысанаға көп оқ тигізу керек. Жебе санына шектеу жоқ. Қатысушылар 78 атты лотереямен таңдап алды.

– Қазақстан құрамасын жамбы атудан мықты командалардың бірі деп есептеймін. Олар былтыр Монғолияда өткен әлем чемпионатында екінші орын алып, шеберлігін көрсетті. Қазақстандық спортшылар финалға шығады деп ойлаймын. Дүбірлі доданың атмосферасы бізге қатты ұнап жатыр, – деді ат үстінде садақ атудан халықаралық аллянс президенті Аллан Ле Галл.

Жарыс күндері Астанада қалалық емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді және қажетті медициналық көмек көрсетеді. «103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Өтініштер мен қоңырауларды қабылдау 24/7 жүзеге асырылады», – деп хабарлады Астана әкімдігі.

Айта кетейік, «Қазанат» ипподромында және этноауыл аумағында ат жарысы, садақ ату, құс салу сияқты ұлттық ойындар жарысы өтеді. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жеке сарайы мен «Алауда» ұлттық күрес, жекпе-жек түрлері мен түрлі халық ойындарынан жарыстар болады. Интеллектуал ойындар «Думан» кешенінің аумағында өткізіледі. ДКО аккредиттейтін және жабдықтайтын орталықтары Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде орналасады.