Маңғыстау облысының «Оймаша» полигонында өтіп жатқан әскери оқу-жаттығу кезінде оқыс оқиға болды. Полигонда қаруды пайдалану ережесі өрескел бұзылған. Ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттарға сүйенсек, 7 қыркүйекте гвардия кезекшісі, лейтенант ПМ 9 мм тапаншадан оқ атқан. Тапанша оғы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде мерзімді қызмет атқаратын сарбаз Марат Барқұловтың бетін жарақаттаған. Содан жауынгер мерт болды.
«2024 жылғы 7 қыркүйекте «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің «Оймаша» полигонында өтіп жатқан жиыны кезінде қаруды пайдалану ережелерін бұзу нәтижесінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі алған жарақат салдарынан қаза тапты.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері анықталуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.
ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – деп хабарлады Ақтау горнизонының баспасөз қызметі.