Маңғыстау облысында 140-тан астам оқушы уланып қалды: екі бала жансақтау бөлімінде

Жарияланды (жаңартылды )
Екі бала жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында / Фото: shutterstock

Маңғыстау облысының Бесшоқы ауылында балалар әлденеден уланып қалған. 6 қыркүйек күні 21 оқушы ауырып қалғаны жөнінде ақпарат тарады. Олар жүрегі айнып, іші ауырғанына шағымданған. Жексенбі, 8 қыркүйекке дейін 141 бала медициналық көмекке жүгінген.

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта облыстық ауруханада 67 бала емханада емделіп жатыр. Екі бала жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында.

Осы оқиғаға байланысты Мұнайлы ауданының №8 мектебінде оперативті штаб жұмыс істеуде.

Облыстық әкімдік жанындағы жедел штабтың жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан шақыртуларға дереу қызмет көрсету үшін облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының 12 негізгі және 4 қосымша бригадасы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының шақыруларға қызмет көрсетудің 4 санатты 4 бригадасы және Ақтау қаласының 4 санатты 7 бригадасы жұмылдырылды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жағдайды бақылау ұстап отырғанын жазды. Облыстық полиция белгісіз дерттің таралу себебіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ оқыңыз