Батыс Қазақстан облысында Ресейден заңсыз импортталған 4 вагон бидай Саратовқа кері қайтарылды
Қазақстанда бидайды импорттау фактісі тыйылмай тұр. Батыс Қазастан облысында темір жол арқылы төрт вагон бидай шекарадан алып өтпек болған. Тауарды Талдықорғанға жіберген. Фитонсанитариялық поста Ресейдің Саратов облысынан келген 251 тоннаны инспекторлар кері қайтарды.
«Бұл факт дәнді дақылдардың контрабандасы әрекеттерінің жалғасып жатқанын көрсетеді. Өсімдіктер карантині бойынша инспекторлар үздіксіз бақылау мен қадағалау жүргізіп, тексерулер жүргізіп, ақпаратты талдайды, ережелердің сақталуын қадағалайды және бұзушылықтарды анықтайды», – деп түсініктеме берді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті осыған қатысты фактіні анықтаған. 2024 жылғы 24 тамызда «Желқуар» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өту кезінде Ресей Федерациясынан 110 тоннадан астам бидай тиелген 4 жүк көлігі тоқтатылды.
Қазақстан шілде айында 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін бидайды республика аумағына көліктің барлық түрлерімен әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылдады.