2024 жыл басынан бері коммерциялық ипотека нарығы ақырындап қалпына келіп жатыр. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) сарапшыларының пайымдауынша, нарықтың қалпына келуі жылжымайтын мүлік бағасына әсер етіп жатқан жоқ. Қаңтар-шілде аралығында елімізде 985 млрд теңге ипотекалық несие берілген.
Бұл көрсеткіш өсімінде екінші деңгейлі банктер берген коммерциялық ипотеканың үлесі басым (+62%). Ипотекалық несие қоржыны бойынша БЦК (+15%), Халық банкі (+12%) және Freedom Bank (+8%) көш бастап тұр. Ал «Отбасы Банк» портфелі, керісінше, сәл азайған. Ипотекалық несие бойынша төлем көлемі орташа жалақы мөлшерінің жартысынан аспайды.
ҚҚҚ сарапшыларының пайымдауынша, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне тек 1Отбасы банк1 емес, басқа да екінші деңгейлі банктер де қатысса, бұл салымшыларға таңдау құқығын берер еді. Клиенттер өз жиғанын қайда сақтайтынын өздері таңдайды.
Алайда қазір бұл мәселе шешімін тапқан жоқ. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мамандары жинақ жүйесіне басқа да ЕДБ қатысса, нарықтағы бәкесені арттырады деп тұжырымдайды.
Ал бәсеке бар жерде, клиент үшін тиімді ұсыныстар жасалады. Сарапшылардың пайымдауынша, ипотекалық несие құны мен басқа да шарттары жақсара түседі.
Сонымен қатар «Отбасы банктен» алған ипотекасы бар тұрғындарға ғана емес, басқа да коммерциялық бағдарламалар бойынша ипотека алғандарға жеке табыс салығынан шегерім жасау мәселесі да маңызды болып тұр.
Қазақстандықтарың мойнында қазіргі кезде 21 трлн теңгеден аса несие болса, соны 30%-ға жуығы – ипотека.