Lifestyle

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: көкпардан Қазақстан құрамасы таңғаларлық сенсация жасады

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көкпар / Фото: worldnomadgames.kz

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын 16:00 есебімен жеңді. Бірінші таймда қазақстандық көкпаршылар 8:0 есебімен алға шықса, ал екінші таймда есепті 16:00-ге жеткізді деп хабарлайды worldnomadgames.kz

Көкпардан ұлттық құрама спортшысы Құрманбек Тұрғанбек Өзбекстан құрама командасымен болған ойыннан кейінгі әсерімен бөлісті.

«Қарсыласымызды өте жақсы білеміз. Өзбекстанға барғанда ойнағанбыз. Олардың жеңілудегі басты себебі – өз аттарымен келген жоқ. Аттарымызды барынша дайындадық. Біздің басты қарсыласымыз – көрші Қырғызстан мемлекеті, бірақ біз жеңу үшін барымызды саламыз»,–деді.

Қазақтың жігіттері жарыстың алғашқы күні өзбекстандық қарсыластарын 16:0 есебімен жеңіп, жарыс жолын сәтті бастады. Финалдық ойындар 12 қыркүйек күні өтеді.

Айта кетейік, «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі.

«Қазанат» ипподромында және этноауыл аумағында ат жарысы, садақ ату, құс салу сияқты ұлттық ойындар жарысы өтеді. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жеке сарайы мен «Алауда» ұлттық күрес, жекпе-жек түрлері мен түрлі халық ойындарынан жарыстар болады. Интеллектуал ойындар «Думан» кешенінің аумағында өткізіледі. ДКО аккредиттейтін және жабдықтайтын орталықтары Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде орналасады.