Жетісу облысында «Жерұйық» тұрғын үй бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Жерұйық» тұрғын үй бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Отбасы банк» Жетісу облыстық филиалы Жетісу облыстық әкімдігінің қолдауымен ауылды жерлерге арналған «Жерұйық» тұрғын үй бағдарламасы басталғанын жариялады.

«Отбасы банкінің» мәліметінше, бағдарламаға қатысуға өтінімдер 10 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін жалғасады. Бағдарлама бойынша бастапқы жарна 10%, пайыздық мөлшерлемесі 5% ЖТСМ 5,2% дан 5,7% ге дейін.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Жетісу облысының аудандары мен ауылдық округтерінің тұрғындары: аудан, қала әкімдіктеріне қарасты мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрген педагогтер, денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, халықтың әлеуметтік осал топтары және ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері.

Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарымен расталған соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай еңбек өтілі және Жетісу облысында тіркеуінің болуы шарт.

Бағдарламаның шарттары:

Несие сомасы 15 млн теңгеден аспайды.

Бастапқы жарна – 10%

Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 5% ЖТМС

Еске сала кетейік, бұған дейін «Отау» және «Наурыз» ипотекасы бойынша қосымша өтінім қабылдау басталғаны туралы жазған едік.

Қыркүйектің 16-сы күні «Отау» және «Наурыз» ипотекасына қосымша өтінім қабылдау басталады. Өтінім қабылдау 25 қыркүйек күні аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыз