XVII Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті: Қазақстан 9 медальмен 39-орында тұр

Жарияланды
паралимпиада
Паралимпиада ойындары бойынша медальдар кестесінде Қазақстан 39-шы орында тұр / Фото: shutterstock

Парижде XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Бұл жолғы сайыста Қазақстан 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль алды.

XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі Стад де Франс стадионына 168 делегациядан құралған 4,5 мыңға жуық спортшының қатысуымен өткен.

Паралимпиада ойынының қорытындысына сәйкес, Қазақстан 9 жүлдемен 39-орында тұр. Орта Азия елдері бойынша медаль алған Қазақстан мен Өзбекстан елдері. Бұл ойында Өзбекстан спортшылары өте нәтижелі ойын көрсетті. Олар елге 26 медальмен оралды. Оның 10-ы алтын, 9-ы күміс, 7-і қола. Солайша Орта Азия елдерінің арасында бұл ел медаль бойынша бірінші орында тұр. Ал жалпы медальдар кестесінде 13-орынға шықты. Өкінішке қарай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерінің спортшылары бұл сайыстан олжасыз қайтқан.

Медальдар кестесінде 94 алтынмен бірінші орында тұрған – Қытай елі. Бұл елдің қоржынында жалпы 220 медаль бар. Екінші орынды 124 медальмен Ұлыбритания иеленген. Оның ішінде 49-ы алтын медаль. Үшінші орында АҚШ тұр. Ол елдің 36 спортшысы алтын иеленген. Медальдардың жалпы саны – 105. Ал 4 және 5-орындарда Нидерланды мен Бразилия тұр.

Көрші ел Ресей бұл ойындарға бейтарап статуста қатысқан. Ресейлік ойыншылар 64 медальға ие болған. Оның 20-сы алтын, 21-і күміс, 23-і қола.

Ал Қазақстанға алтынды пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев пен пара дзюдо бойынша Ақмарал Науатбек әкелді. Күміс жүлдегерлер – нысана көздеуден Еркін Ғаббасов, пара жүзу бойынша Нұрдәулет Жұмағали, пара дзюдодан Ерғали Шамей. Ал Дастан Мұқашбеков пара жеңіл атлетикадан, Даяна Федосова, Зарина Раифова, Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан қола жүлде алды.

Сондай-ақ оқыңыз