Ұлттық Банк Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған коллекциялық монеталар шығарады

Жарияланды
Коллаж: кursiv.media

Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталардың қай күні сатуға шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланбақ.

Жошы хан – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын Орда атанған Жошы Ұлысының негізін қалаушы. Ұлытау облысында маңызды тарихи ескерткіш – Қазақстан мәдени мұрасының бір бөлігі деп есептелінетін Жошы хан кесенесі орналасқан.

Монеталардың дизайнына Жошы Хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Оның авторы – белгілі мүсіншісі, монументалист-суретші Ғазиз Ешкенов. Сырт жағында Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан коллаж орналасқан.

Монеталар:

– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 5 000 теңгелік, таралымы – 100 (жүз) дана;

Номиналы 5 000 теңгелік монетаның бейнесі:

Фото: nationalbank.kz

 – алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 311 грамм, диаметрі 75 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;

Номиналы 2 000 теңгелік монетаның бейнесі:

Фото: nationalbank.kz

– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана;

Номиналы 1 000 теңгелік монетаның бейнесі:

Фото: nationalbank.kz

– МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – «brilliant uncirculated», номиналы 200 теңгелік, таралымы – 8 000 (сегіз мың) дана.

Номиналы 200 теңгелік монетаның бейнесі:

Фото: nationalbank.kz

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз