Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталардың қай күні сатуға шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланбақ.
Жошы хан – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын Орда атанған Жошы Ұлысының негізін қалаушы. Ұлытау облысында маңызды тарихи ескерткіш – Қазақстан мәдени мұрасының бір бөлігі деп есептелінетін Жошы хан кесенесі орналасқан.
Монеталардың дизайнына Жошы Хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Оның авторы – белгілі мүсіншісі, монументалист-суретші Ғазиз Ешкенов. Сырт жағында Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан коллаж орналасқан.
Монеталар:
– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 5 000 теңгелік, таралымы – 100 (жүз) дана;
Номиналы 5 000 теңгелік монетаның бейнесі:
– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 311 грамм, диаметрі 75 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;
Номиналы 2 000 теңгелік монетаның бейнесі:
– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана;
Номиналы 1 000 теңгелік монетаның бейнесі:
– МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – «brilliant uncirculated», номиналы 200 теңгелік, таралымы – 8 000 (сегіз мың) дана.
Номиналы 200 теңгелік монетаның бейнесі:
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.