Президент Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Жарияланды
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байназаровтың, Қорғаныс Министрі Руслан Жақсылықовтың, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың еліміздің қорғаныс қабілетін бекіту шараларын жүзеге асыру мәселесі бойынша баяндамалары тыңдалды.

Қауіпсіздік кеңесі мемлекеттің әскери қуатын арттыру, әскерді заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау бойынша шешімдер қабылданды. Отандық қорғаныс кешендері мекемелері өндірген техникаларға да баса мән берілді.

Отырыс соңында Президент – Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және мүдделі мемлекеттік органдарға мемлекеттің әскери ұйымдарын жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыз