Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Словениядан 0:3 есебімен жеңіліп қалды

Жарияланды 10 Қыркүйек 2024 08:57

(жаңартылды 10 Қыркүйек 2024 09:48)
Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Словениядан
Қазақстан Словениядан 0:3 есебімен жеңілді / Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы  УЕФА Ұлттар лигасында Слованиядан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Любляна қаласының «Стожице» стадионында В лигасының үшінші тобының екінші турының ойыны өтіп, бас төреші Джоау Педро Пиньейро болған. Ойын барысында Словения құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Голдың бәрін Словения құрамасының шабуылшысы Беньямин Шешко салды.

Команда В лигасының үшінші тобында төртінші орынға түсті.

Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов Словениямен (0:3) өткен матч туралы пікірін білдіріп, «қарсылас мықтырақ болғанын» айтады.

6 қыркүйекте Алматының орталық стадионында Қазақстан мен Норвегия арасында футболдан Ұлттар лигасы матчы өткен. Ойын 0:0 есебімен аяқталған.

Сондай-ақ оқыңыз