Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында Слованиядан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Любляна қаласының «Стожице» стадионында В лигасының үшінші тобының екінші турының ойыны өтіп, бас төреші Джоау Педро Пиньейро болған. Ойын барысында Словения құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Голдың бәрін Словения құрамасының шабуылшысы Беньямин Шешко салды.
Команда В лигасының үшінші тобында төртінші орынға түсті.
Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов Словениямен (0:3) өткен матч туралы пікірін білдіріп, «қарсылас мықтырақ болғанын» айтады.
6 қыркүйекте Алматының орталық стадионында Қазақстан мен Норвегия арасында футболдан Ұлттар лигасы матчы өткен. Ойын 0:0 есебімен аяқталған.