Астана әуежайына мәжбүрлі түрде қонған ұшақта инсульт алған жапондық жолаушы ауруханадан шығарылды

Жарияланды 10 Қыркүйек 2024 10:24

(жаңартылды 10 Қыркүйек 2024 10:38)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ұшақта инсульт алған жапондық науқас ауруханадан шықты / фото: архив kursiv.media

Инсульттан кейін Астананың №2 қалалық көпбейінді ауруханасында ем қабылдаған Жапониядан келген науқас бүгін 10 қыркүйек күні шығарылды деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, жапондық науқастың жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланды.

Естеріңізге сала кетейік, 17 тамыз күні Жапониядан Астанаға ұшып келген швейцариялық борт апатты жағдайда қонды. Әуеде 52 жастағы жолаушының денсаулығы күрт нашарлаған. Жексенбі, 18 тамызда, Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы Жапония азаматының жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Токио – Цюрих бағыты бойынша қатынайтын Boeing 777-300ER ұшағы жолаушы сырқатына байланысты Астанаға қонуға мәжбүр болды. Swissair әуе компаниясының SWR161 рейсі бойынша борт елорда әуежайына қонғанымен, экипаж қателігінен ұшақ дөңгелегі ұшу жолағының жиегіндегі топыраққа тірелген. Сенбі күні сағат 16:00-шамасында апатты-құтқару жұмысы жүргізіліп, әуежай терминалы екі сағатқа жабылды. Осы оқиғаға байланысты 20-дан астам рейс кестеден кешікті.

Сондай-ақ оқыңыз