Қарағандыда кәсіпкерлерге сыртқы жарнаманы қазақ тіліне аудару үшін әкімдік тегін көмек көрсетеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қарағандыда жарнаманы қазақ тіліне тегін аударады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қарағандыда кәсіпкерлерге сыртқы жарнаманы қазақ тіліне аударуға әкімдік тегін көмек көрсетеді. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы ресурстық тіл орталығының мамандары кәсіпкерлерге жарнаманы немесе басқа да визуалды ақпаратты қазақ тіліне тегін аударып беруге дайын. Ол үшін Call-орталыққа +7-775-163-00-00 нөмірі бойынша хабарласа алады.

«Әлеуметтік жобаның мақсаты – кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы тілдер мен жарнама туралы заңнама талаптарын сақтауын мониторингтеу, сондай-ақ «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне визуалды ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды түсіндіру», – делінген хабарламада.

Call-орталық кәсіпкерлерге көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілге сапалы және тегін аударуға көмектесу үшін құрылған.

Ресурстық тіл орталығының мәліметінше, жыл басынан бері Қарағандыда іске асырылып жатқан «Сауатты жарнама – сауатты кәсіпкер» акциясы аясында сall-орталыққа келіп түскен мыңға жуық жарнамалық мәтіндердің қазақ тілінің грамматикасына сәйкестігі тексеріліп, қателер түзетілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы интернет-дүкендер қазақ тілінде қызмет алу тетігін қосуға міндеттелетіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз