Lifestyle

Қазақстанда жаңартылған EXEED TXL кроссовері сатылымға шықты

EXEED TXL кроссовері сатылымға шықты / Фото: Exeed.kz

Қазақстанда жаңартылған EXEED TXL кроссовері сатылымға шықты. EXEED ресми дистрибьюторының баспасөз қызметінің хабарлауынша, нарықта бұл модельдің Luxury, Premium және Flagship сияқты түрі сатылады.

Жаңартылған EXEED TXL интерьері мен технологиялық жағынан өзгерістерге ие болды. Салон дизайны толықтай қайта жасақталған. Жаңа орындықтар және 23 кіріктірілген динамигі мен Lion Melody аудиожүйесі салондағы премиум-комфорт деңгейін сыйлайды.

Жүргізуші орындығы сегіз электрлік реттеу, жылыту және желдету, сондай-ақ бас тірегіне орнатылған екі динамикпен жабдықталған.

Жаңа TXL-де қалыңдығы 15 мм болатын иілген пішінді қос экран орнатылған. Жаңартылған модель кездейсоқ басуларды болдырмау үшін екі жұмыс режимін қамтамасыз ететін «басу және жанасу» технологиясы орнатылған жаңа мультифункционалды рөлмен жабдықталған.

EXEED TXL-дің сыртқы көрінісі де өзгертілді:

Спорттық сипат беретін қызыл түсті тежегіш батырмалары, қайта жасалған радиатор торы және Flagship нұсқасында жаңа дизайндағы 20 дюймдік дөңгелектер пайда болды.

Автомобильдің бастапқы бағасы 15,2 миллион теңгеден басталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда Hyundai Tucson көлігінің жаңартылған нұсқасы сатылымға шыққаны туралы жазған едік.