Жаңалықтар

Кеңес Рақышев Fincraft Group арқылы Beineu Petroleum Limited-тің 40% үлесін иеленді

Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған Fincraft Group KASE-ге 2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Beineu Petroleum Limited жекеменшік компаниясының 40 пайыз үлесіне иелік еткенін хабарлады.

Өтінімге Fincraft Group ЖШС президенті Кеңес Рақышев қол қойған.

Эмитенттің он және одан да көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімінде БТА Банк   –  29, 6404 пайыз, Fincraft resources акционерлік қоғамы – 76, 4532 пайыз, «Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестік  – 91, 000 пайыз, Nordland Petroleum Inc  – 100 пайыз, Equus Petroleum Limited  – 50 пайыз, Shoqan Academy жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  99 пайыз акциялары көрсетілген.

KASE шілде айының соңында Fincraft Resources өзінің артықшылығы бар акциялары бойынша 392,6 млн теңге дивиденд төлейді деп хабарлаған еді.

Кеңес Рақышевтың Fincraft Resources компаниялар тобы Nomad west oil компаниясының 50% үлесін сатты. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасында жарияланған есебінде жазылған. KASE ақпаратына сүйенсек, Рақышевтың компаниясы Nomad west oil үлесін 2023 жылғы желтоқсанында сатып алған.

2024 жылдың наурыз айының соңында Fincraft Resources қарапайым акцияларының 78,85%-ы Fincraft Group-қа, 9,76%-ы Heatpoint Holdings Limited-ке және 11,39%-ы басқа тұлғаларға тиесілі болды. Компанияның түпкілікті бенефициары – Кеңес Рақышев.

Кеңес Рақышев Forbes.kz нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай бизнесмендер тізімінде 19-орында. Оның байлығы 435 миллион долларға бағаланады. Ол Fincraft Resources және БТА банкін басқарады. Екіншісі қазіргі уақытта меншігінде украиналық БТА банкі бар холдингтік компания ретінде қызмет етеді.