Алматы облысында 653 миллион теңге субсидия талан-таражға түскен

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: kursiv.media

Алматы облысы бойынша агроөнеркәсіп саласында субсидияны жымқыруға қатысты алты дерек тіркелді. Жалпы алғанда 653 миллион теңге талан-таражға түскен. Бұл жөнінде Алматы облыстық экономикалық тергеп-тексеру жөніндегі департамент басшысының орынбасары Данияр Қыдыралиев мәлімдеді.

«Аталған фактілерді тексеру барысында ұрлық фактілеріне ықпал ететін негізгі себептер анықталды: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібінің анық еместігі және субсидиялау шарттарының орындалуына лауазымды тұлғалардың тиісті бақылауының жүргізілмеуі», – деді Қыдыралиев ОКҚ ұйымдастырған брифингте.

Ет өңдеу кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасын бұрмалаған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның компаниясы құрылыс шығындарын өтеу үшін 205 млн теңге демеуқаржы алған. Сондай-ақ құрал-жабдықтың өндірістік қуаты туралы жалған құжаттарды пайдаланып, тағы да 63 млн теңге субсидияны жымқырған.

Жыл басынан бері Алматы облысында ауыл шаруашылығына бөлінген 4,8 млрд теңге субсидия жымқырылған. Заңсыздықтарды прокурорлар анықтап отыр. Басқарма қызметінен көптеген заң бұзу анықталған. Соның ішінде фермерлер арасынан таңдаулыларына субсидия бөлу жүйесі қалыптасқан. Асыл тұқымды мал өсіретін қожалықтар 1,2 млрд теңгені заңсыз алған.

Сондай-ақ оқыңыз