Жаңалықтар

Қор нарығына шолу: қор индекстерін есептеу өзгере ме, S&P 500-дегі жаңа көшбасшылар, мұнайға қатысты болжамдар

Фото: Shutterstock

Goldman қор индекстерін есептеу кезінде ірі компаниялардың үлесін шектеуден бас тартуға шақырды. Өйткені бұл нарық динамикасының объективті көрінісіне әсер етеді. Аталған норма америкалық бигтехтің үстемдігіне байланысты енгізілді. Сондай-ақ нарықтағы көшбасшы өзгерді – биыл АҚШ қаржы компаниялары акцияларының S&P 500-дің орташа көрсеткішін басып озды. Осы және өзге де тақырыптар туралы 10 қыркүйектегі шолуымыздан оқыңыз.

АҚШ-тың қаржылық акциялары S&P 500-ден едәуір озып кетті

S&P 500 тізіміне енген қаржы компанияларының акциялары өткен жылдағы жалпы қор индексіне қарағанда үлкен өсім көрсетті деп хабарлады Market Watch. «Бұл инвесторлардың экономикаға деген оң көзқарасын білдіреді», – дейді DataTrek-тің негізін қалаушы Николас Колас.

Сонымен, S&P 500 қаржы компанияларының қағаздарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін SPDR Financial Select Sector Fund акциялары кейінгі 12 айда 31,1%-ға өсті, ал FactSet деректеріне сәйкес, S&P 500 индексінің өзі 22,7%-ға жақсарған. 2024 жылдың басынан бері SPDR қорының өсуі 19,6%-ды құрады. Бұл S&P 500 (сол кезеңдегі 14,7%) көрсеткішінен асып түсті деп хабарлады FactSet деректері.

«2024 жылы АҚШ-тың қор нарығы өсіп келеді, экономика құлашын кеңге жая түсті және ФРЖ мөлшерлемесінің төмендеуі дәл осы трендке қолдау көрсетеді», – дейді Колас.

АҚШ-тың шағын бизнестегі ахуалы белгісіздіктің артуына байланысты нашарлады

Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тағы шағын компаниялардың көңіл-күйі тамыз айының соңында АҚШ президентін сайлауға байланысты туындаған белгісіздік жағдайында нашарлай түсті. Ұлттық тәуелсіз бизнес федерациясы (NFIB) тамыз айының қорытындысы бойынша шағын бизнеске қатысты оптимизм индексін 2,5 тармаққа кемітіп, 91,2-ге дейін төмендегенін хабарлады. Шілде айында индекс 2022 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді.

Белгісіздік индексі 2 тармаққа өсіп, 92-ге жетті. Бұл – 2020 жылдың қазан айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Алдағы үш айда инфляцияға түзетілген сату көлемінің ұлғаюын күткен кәсіпорындардың таза үлесі 9 тармаққа – 18%-ға дейін төмендеді.
Сонымен қатар жұмыс күшінің жетіспеушілігі АҚШ-тың шағын бизнесі үшін өзекті мәселе болып қала береді. Шағын бизнес иелердің шамамен 40%-ы тамыз айында жұмыс орындарын толтыра алмағанын хабарлады. Бұл шілдедегі жағдайдан 2 тармаққа артық. Бос жұмыс орындарының көбі білікті жұмысшыларға арналған әрі көлік, құрылыс және өндіріс салаларында шоғырланған. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлаған саудагерлер үлесі аз.

Goldman қор индекстеріндегі өзгерістерді баяулатуға шақырады

Goldman Sachs Group стратегі Дэвид Костин технологиялық сектордың бірігуін бәсеңдету үшін индекстерді араластырып, оларды жаңа тәсілдермен өлшеуге тырысатын бенчмарк менеджерлерін «тізгінді тартуға» шақырады. Мәселе мынада: қазір бірнеше провайдер Apple және Microsoft сияқты ірі компаниялардың әсерін шектеу үшін индекстеу әдістемесін түзету жоспарларын әзірлеп жатыр. Олардың салмағы кейбір көрсеткіш бойынша әртараптандыруды сақтауға бағытталған нормативтік шектеулерден асып түседі. Костин бұл мәселені мұқият шешуге шақырды, деп жазды Bloomberg.

Реттелетін инвестициялық компаниялар үшін әртараптандыруға ұзақ уақыт шектеулер қойылуы индекс менеджерлерінің де, қор мамандарының да бас ауруына айналды. Олар портфельдегі кез келген жеке бағалы қағаздың үлесін 25%-ға, ал ірі холдингтердің жиынтық салмағын 50%-ға дейін шектейді. «Біз индекс провайдерлері индекстердің шектеулі нұсқаларын құруды және қолдауды жалғастыруы керек деп санаймыз», – делінген Костиннің жазбасында. «Содан кейін қорлар нормативтік шекті бұзбау үшін осы шектеулі индекстерді нұсқаулық ретінде пайдалана алады», – деді ол.

Әртараптандыру ережелерін сақтау үшін Nasdaq 100 сияқты индекстер ірі акциялардың әсерін тікелей шектейді. Басқалары, мысалы, S&P Dow Jones, әдетте негізгі бенчмарктың екі нұсқасын ұсынады. Бұл ретте индикатор нарықты шектеусіз анық көрсетеді.
Костиннің пікірінше, салмақ шектеулерін кең индекстерге қолданудың мағынасы жоқ, әсіресе шектеулі нұсқасы болған жағдайда. «Біз нарықтық капиталдандыру бойынша өлшенген индекстер шектелмеуі керек деп санаймыз. Бірақ индекс провайдерлері эталон ретінде пайдалануға болатын шектеулі нұсқаларды ұсынуы керек», деді ол. «Шектеу индекстер ендігі жерде белгілі бір акциялардың салыстырмалы динамикасын дәл көрсетпейтінін білдіреді», – деп толықтырды Костин.

EIA: әлемде мұнай тұтыну күніне 1 миллион баррельге өседі

АҚШ федералды статистикалық жүйесінің құрамындағы агенттік – EIA энергетикалық ақпарат басқармасы 2024-2025 жылдары мұнайға әлемдегі сұраныстың тәулігіне 1 миллион баррельге өсуін болжап отыр деп хабарлады Bloomberg. Бұл ОПЕК+ өндірісінің қысқаруына байланысты биыл нарықтағы ұсыныс тапшылығына әкеледі.
Жалпы болжам Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалауымен сәйкес келеді. Агенттік әлемдік тұтынудың шамамен күніне 1 миллион баррельден аз немесе 2024 жылдың соңына дейін шамамен 1% болатынын алға тартты. Сонымен қатар ОПЕК биыл әлемдік тұтыну күніне 2 миллион баррельге өсетінін күтіп отыр.

Сонымен қатар EIA АҚШ-та мұнай тұтыну тәулігіне 20,3 млн баррель деңгейінде тұрақты болады деп болжам жасады. Өткен айда агенттік тұтынудың жыл сайын шамамен 1%-ға өсуін болжады. Бірақ тамыз айының қорытындысы бойынша болжам қайта қаралды. Сонымен қатар кеше Brent құны 2021 жылдың желтоқсанынан бері алғаш рет барреліне 70 доллардан төмендеді.