Бағдарламалық жасақтама әзірлеумен айналысатын Oracle акциялары биржада жаңа баға рекордын орнатты. Бұған компанияның нарық күткеннен де әлдеқайда мықты кірістер туралы есебі әсер етті. Сондай-ақ компания Amazon-ға АҚШ-тың ең қымбат компаниялары тізімінде төртінші орынға тұрақтауға көмектесті. Oracle мен Amazon бірлескен «бұлтты» өнім жасап жатыр. Сарапшылар бұл екеуіне де пайда әкелуі мүмкін деп отыр.
Толығырақ
10 қыркүйектегі сауда-саттық жабылар сәтте Oracle акцияларының құны 155,89 долларды құрады. Көрсеткіш бір күн бұрынғыдан 11,44%-ға өскен. Бұл биржадағы қағаз айналымының барлық кезеңінде тіркелген сауда жабылар сәттегі рекордтық деңгейі болып саналады. Ал сессия барысында баға одан да жоғары көтеріліп, 160,52 долларға дейін жетті. Жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда, Oracle акциялары қазір 48%-ға қымбат тұрады.
31 тамызда аяқталған 2025 қаржы жылының бірінші тоқсанындағы есептілікті жариялағаннан кейін, компанияның баға ұсыныстары рекордты мәнге жетті. Кірістер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға, яғни 13,31 млрд долларға дейін өсті. Бұл сарапшылар болжағаннан да көп (LSEG мәліметтері бойынша болжам 13,23 млрд долларды құраған еді). Акцияға шаққандағы түзетілген пайда – 1,39 доллар. Бұл болжанған өсімнен жоғары (1,32 доллар). Oracle сатылымының көп бөлігі «бұлтты» қызметтер мен лицензиялық қолдаудан түсті – 10,52 млрд доллар. Бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 10%-ға көп. Компанияның екінші тоқсандағы болжамы жалпы күтулерге сәйкес келді: кірістің 8-10%-ға дейін өсуі (LSEG мәліметтері бойынша сарапшылар 9%-ға бағалаған кезде) және акцияға шаққандағы 1,45-1,49 доллар көлеміндегі пайда (сарапшыларда 1,47 доллар).
Amazon-ның пайдасы
Oracle-дің есеп беруі Amazon-ға АҚШ-тағы ең қымбат компаниялар тізімінде төртінші орында тұруға көмектесті деп жазды MarketWatch. Amazon 9 қыркүйекте Alphabet-ті (Google холдингі) айналып өтіп, 5 сәуірден бастап акциялардың 2,3%-ға өсуінен кейін, бірінші рет көтерілді. 10 қыркүйекте маркетплейс қағаздары сенімді түрде өсе бастады: олар максимумға 2,9% қосып, сауда-саттықты 2,37%-ға – 179,55 долларға дейін аяқтады. Бұл 21 тамыздан кейінгі сауда жабылар сәттегі ең жоғарғы баға. Amazon капитализациясы шамамен 1,87 трлн долларға жетті. Сейсенбіде, 10 қыркүйекте, Alphabet қағаздары шамалы төмендеді – 0,03%, капиталдандыру 1,85 трлн долларға тең болды.
Amazon мен Oracle 10 қыркүйекте бірлескен «бұлтты» өнімді – Oracle Database@AWS құруды көздейтін стратегиялық серіктестік жасалғанын жариялады. Amazon Web Services (AWS) «бұлтты» қызметінің клиенттері Oracle шешімдерін тікелей AWS интерфейсінде пайдалана алады. Бұл мәміле екі компанияға да тиімді болуы мүмкін деп атап өтті Bank of America сарапшысы Джастин Пост MarketWatch-ке берген мәлімдемесінде. «Олар мәліметтер базасын пайдаланатын клиенттер үшін бәсекеге түсті», – дейді сарапшы. Әрі олар бірге жұмыс істеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізе алатынын айтты.
«Amazon Oracle-мен келісім жасамай-ақ инвесторларға арналған конференцияда нарықты қуанта алды», – дейді Bank of America сарапшысы.
Акциялардың жайы
Компанияның жақсы нәтижелеріне қарамастан, Oracle акцияларына деген сарапшылардың пікірі екі түрлі. 33 сарапшының 19-ы оларды сатып алуға кеңес береді, 13-і сақтауды, ал біреуі сатуды ұсынып отыр, делінген FactSet деректерінде.
Amazon-ға қатысты ешқандай күмән жоқ: 64 сарапшы сатып алуға, тек үшеуі акцияларды портфельде ұстауға кеңес береді.