Жаңбыр жауып, тұман түседі: 11 қыркүйектегі ауа райы болжамы қандай?
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 11 қыркүйекте еліміздің бас қалаларында күн ашық. Онтүстік өңірлерде күн жылы болса, орталық және батыс облыстарда жаңбыр жауып, тұман түседі.
Ел ордасы Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 17-19 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы. Шымкент қаласында да күн ашық, ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 26-28 градус жылы.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел – секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 15-20 градус жылы.
Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында түнде жауын-шашын болады, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, облыс орталығында аздаған жаңбыр жауады.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. 21 градус жылы болады. Батыс Қазақстан облысында да күн ашық. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 27-32 градус жылы. Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 27-29 градус жылы.
Атырау облысының батысында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың шығысында 13, күндіз 25-30 градус жылы. Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 градус жылы.
Маңғыстау облысының батысында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстікте, облыс орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз оңтүстікте жел соғады, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстік-шығысында 15, күндіз 30-35, облыстың солтүстік-батысында 27 градус жылы. Ақтауда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 7-12, күндіз облыс орталығында екпіні секундына- 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың солтүстігінде 9, күндіз 22-27 градус жылы. Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 16-21, облыстың оңтүстігінде 24 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың солтүстігінде 5, күндіз 14-19 градус жылы. Павлодарда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 16-18 градус жылы. Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады.