Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі бойынша салық есебін тапсыру мерзімі 16 қыркүйек аяқталады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Декларация тапсыру мерзімі 16 қыркүйек аяқталады
Декларация тапсыру мерзімі 1 күнге ұзартылды / Архив: kursiv.media

2024 жылы кәсіп иелері мен олардың жұбайлары 250.00 нысаны бойынша салық есебін өткізуге міндетті. Биыл декларацияны тапсыру мерзімі 16 қыркүйек аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

«Cалық тапсырудың соңғы күні демалыс немесе мереке күндеріне сәйкес келсе, мерзім автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады», – деп жазылған хабарламада.

Биыл 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияларды тапсырудың соңғы мерзімі 15 қыркүйекке келді. Ал бұл күн демалысқа келіп тұр. Сондықтан ол 2024 жылғы 16 қыркүйекке ауыстырылады.

Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті», Электрондық үкімет» порталы, е-Salyq Azamat», «eGov mobile» қосымшалары және мобильді банкинг жүйелері арқылы тапсыруға болады.

Еске сала кетсек, декларация тапсыру процесі 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталған еді. Сол тұста мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндер мен олардың жұбайлары салық есебін тапсыруға міндеттелген. Екінші кезеңі 2023 жылдың қаңтарынан жалғасты. Бұл уақытта мемлекеттік қызметкерлер, бюджет және квазимемлекеттік секторда істейтіндер мен жұбайлары тапсырған еді.

Ал үшінші кезеңі биылғы 1 қаңтардан басталды. 2024 жылдан бастап 250-нысан бойынша декларацияны бизнесмендер — басшылар, құрылтайшылар мен заңды тұлға қатысушылары мен жұбайлары, ЖК иелері мен жұбайлары тапсырады.

Қаржы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2024 жылы декларацияны 2,4 млн жеке тұлға табыстауы қажет. Жыл басынан бері олардың 46%-ы, 1,1 млн азамат декларация тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз