Банк пен қаржы

Еуроодақ соты Ресей Ұлттық депозитарийіне қарсы санкцияларды алып тастаудан бас тартты

Еуроодақ соты Ресей Ұлттық депозитарийіне қарсы санкцияларды алып тастаудан бас тартты
ЕО Ресей Ұлттық депозитарийіне қарсы санкцияларды 2022 жылы салған / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Еуропалық Одақ Ресей Ұлттық есеп айырысу депозитарийінен санкцияларды алмайды. Сонымен қатар ресейлік инвесторлардың бұғатталған активтерін де бермейді. ЕО Бас соты Ресейдің 2022 жылдың жазында салған санкцияларды алып тастау туралы талабын қабылдамады.

«Еуропалық сот ресейлік депозитарийдің ЕО-ның 2022 жылы салған санкцияларының күшін жою туралы шағымын қабылдамады», – деп жазылған ведомство шешімінде.

Bloomberg дереккөзінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бельгиялық Euroclear депозитарийіндегі Ұлттық есеп айырысу депозитарийінің шоттарында шамамен 70 млрд еуро (77,3 млрд доллар) бар. Әзірге бұл активтер Украинаға қаржылық қолдау көрсету үшін пайда табу мақсатында пайдаланылмайды.

«Бірақ Еуроодақ сотының шешімі оларды пайдалануға және болашақта қосымша табыс табуға жол ашуы мүмкін», – деп түсіндірді Bloomberg.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы маусымда Америка құрама штаттары Ресей Федерациясының әлі шектеулерге ұшырамаған соңғы ірі қаржылық құрылымына – Мәскеу биржалық тобына қарсы қатаң санкция жариялады. Оған қоса, SDN-тізіміне Ұлттық клирингтік орталық пен ҰЕАД енгізілді. Сол айда Ұлыбритания Мәскеу биржасына және ҰЕАД-ге қарсы санкция салды.

Кейін Мәскеу биржасына қарсы АҚШ санкцияларына Ұлыбритания да қосылды.

Осыдан кейін көп ұзамай Мәскеу биржасы 13 маусымнан бастап доллар мен еуромен сауда жүргізбейтінін хабарлады