Home Credit Bank санкция тәуекелдеріне байланысты ВТБ банкпен жұмысын тоқтатты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Home Credit Bank санкция тәуекелдеріне байланысты ВТБ банкпен жұмысын тоқтатты
ВТБ Қазақстанмен клиенттердің шоттарына жасалатын аударымдар тоқтатылды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Home Credit Bank санкция тәуекелдеріне байланысты ВТБ банкпен (Қазақстан) жұмысын тоқтатты. Бұл туралы қаржы ұйымы хабарлады.

«ЕҰ ВТБ Қазақстан АҚ-ға (ВТБ Қазақстан) қатысты енгізілген халықаралық санкцияларға байланысты «Home Credit Bank‎» АҚ қайталама санкцияларды, оның ішінде Банк клиенттеріне қатысты тәуекелдерді болдырмау мақсатында жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады Home Credit Bank‎.

Осыған байланысты клиенттердің шоттарына теңге және шетел валютасымен жасалатын аударымдар да тоқтатылды. 

Еске сала кетсек, 2024 жылғы тамызда АҚШ Сауда министрлігі санкциялар тізімін жаңартып, бұл тізімге ВТБ Қазақстан банкі де кірген. Бұл банк – санкцияға ұшыраған ресейлік банктердің Қазақстанда жұмыс істеп тұрған жалғыз еншілес ұйымы. ВТБ-ның өзіне қатысты шектеулер 2022 жылдың ақпанында енгізілген болатын.

Ал 2024 жылғы ақпанда АҚШ ВТБ банкінің басшысына қатысты іс қозғап, оның серіктесін қамауға алған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз