Lifestyle

Алматыда «өрмекші адам» бар ма: әлеуметтік желіде таралған бейнероликтегі биік мұнарада тұрған кім?

Өрмекші адам
Алматылық «өрмекші адам» / Фото: скрин, коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматылық акробат Абай Оразбаевтың әлеуметтік желіде биік шыңды бағындырған видеосы жұртшылықты таңғалдырды.

«Жігітке ең бірінші табандылық керек! Өз ойынан қайтпай, мақсатқа жету керек. Ал жету үшін қайсарлық қажет. Жігіт осындай қасиетімен жігіт!», – делінген бейнежазбаның астында

Сондай-ақ Абай Оразбаев бұл видео арнайы рұқсатпен түсірілгенін айтты.

«Жауапты адамдардың рұқсатымен. Профессионал акробаттардың қатысуымен түсірілген видео. Қайталамаңыздар. Өміріңізге қауіпті»,  – деп жазды Абай.

Айта кетейік, Абай Оразбаев акробатикамен 5 жасынан бастап айналысады. Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін тәмамдаған. Қазіргі таңда цирк саласында жұмыс істеп келеді.