«Алматы жастары» бағдарламасының жеңімпаздар тізімі жарияланды
«Алматы жастары» бағдарламасының қорытындысы шықты. Бағдарламаға құжат қабылдау 29 шілдеде басталып, 7 тамызға дейін созылған.
Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, Almaty-zhastary2024 платформасында барлығы 7072 өтінім берілді.
Түскен өтінімдер мына салалар бойынша бөлінген:
- Денсаулық сақтау – 1662
- Білім беру – 2434
- Мәдениет – 430
- Спорт – 129
- ЖОО мен ҒЗИ – 717
- Журналистер – 123
- Әлеуметтік сала – 352
- Құқық қорғау органдары – 538
- Коммуналдық қызметтер – 433
- Жұмыс істейтін жастар – 254
Осылардың ішінде 1924 өтінім мақұлданды.
Мақұлданған өтінімдер мынадай:
- Денсаулық сақтау – 456
- Білім беру – 662
- Мәдениет – 165
- Спорт – 42
- ЖОО мен ҒЗИ – 196
- Журналистер – 57
- Әлеуметтік сала – 40
- Құқық қорғау органдары – 170
- Коммуналдық қызметтер – 105
- Жұмыс істейтін жастар – 31
1200 өтінім беруші «Отбасы банк» АҚ-дан төлем қабілеттілігінен өту үшін жолдама алады. Жолдаманы алған қатысушылар 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлем қабілеттігін бағалаудан өту үшін «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Төлем қабілеттілігін растаған қатысушылар 45 (қырық бес) күнтізбелік күні ішінде бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үй таңдай алады.
724 қатысушы негізгі тізім бойынша төлем қабілеттілігін растау аяқталғанша, резервтік тізімде болады. 5148 қатысушының құжаты кері қайтарылды. Оған жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, тұрғын үйге қажетті анықтамалардың болмауы, өтініш берген сәтте тұрғын үйдің болуы, соңғы 6 айдағы зейнетақы жинақтарының болмауы және т.б. себеп болған.
«Алматы жастары» бағдарламасының жеңімпаздар тізімін біздің телеграм арнамыздан көре аласыздар.
2023 жылы «Алматы жастары» бағдарламасына жергілікті бюджеттен 17 млрд теңге бөлінген. Бұл 2022 жылы бөлінген ақшадан 2 млрд теңгеге көп.
«Алматы жастары» бағдарламасы 2017 жылы бастау алған. 35 жасқа дейінгі қала жастарына баспаналы болуға мүмкіндік береді.