Қырғызстанның «Нарын мото» зауытында бірінші рет өндірілген мотоциклдер сатылымға шықты. Бұл туралы 24KG Қырғызстан жаңалықтар қызметі хабарлады.
Қырғызстандық жаңалықтар қызметінің таратқан мәліметінде қытайлық инвесторлардың қолдауымен Нарын зауытында екі, үш және төрт дөңгелекті мотоциклдер құрастырылып жатқаны айтылған.
Мотоциклдер 400 килограммнан 2 тоннаға дейінгі жүк тасымалдауға арналған. «Нарын мото» зауыты жазда және қыста ауыл шаруашылығы жұмыстарын атқаруға қолайлы, электрлік, жанармаймен жүретін, ашық және жабық төбелі мотоциклдер шығаратын болады. Мотоциклдердің бағасы түріне байланысты 90 мыңнан 190 мың қырғыз сомына бағаланып отыр.
Еске сала кетейік бұған дейін скутер шығаратын үндістандық компанияның акциялары 90%-ға өскені туралы жазған едік.