Қазақстандықтар енді Мароккоға 30 күнге визасыз бара алады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан мен Марокко визасыз режим енгізді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге келді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Марокко Корольдігі Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім жобасы мақұлданды, делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес, екі ел азаматтары жарамды жалпыазаматтық паспорттар негізінде Қазақстан мен Морокко аумағына келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. Екі ел азаматтары бұл жағдайда 180 күн ішінде барлығы 30 күннен аспайтын уақытқа визасыз жүре алады. Егер қандай да бір елде 30 күннен артық болатын жағдай туса, визаға құжаттар өткізуі керек.

Сонымен бірге бір тарап мемлекетінің аумағында болған кезде екінші тарап азаматтары жарамды паспортын жоғалтып немесе ұрлатып алса, олар өз елінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі берген жаңа жарамды жалпы паспорт не болмаса өз азаматтығын мемлекетке қайтаруға арналған куәлігі негізінде ел аумағынан шыға алады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим күшіне енді. Енді екі ел арасында азаматтар 30 күн визасыз жүре алады. Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық төлқұжаттар иелері үшін визалық талаптарды алып тастауды қарастырады. Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кіргеннен бастап күнтізбелік 30 күн ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады.

Сондай-ақ оқыңыз