Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қоры жоғары оқу орындарына бөлінген 792 гранттың иегерлерін жариялады

«Қазақстан халқына» қорының білім беру гранты тегін /коллаж: Kursiv.media

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2022 жылдан бері 3 117 студентке қолдау көрсеткен. Бүгінде оның 517-сі оқуын тамамдап үлгерген. Осы уақыт ішінде аталған қор студенттердің оқу ақысы мен шәкіртақысын төлеуге 4,8 млрд теңге бөлген. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлады.

11 қыркүйекте «Қазақстан халқына» қорының басқармасы 2024 жылға арналған білім гранттарына ие болған талапкерлердің тізімін бекітті. Биыл қайырымдылық бағдарламасы аясында 850 грантты бөлу үшін 93 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындары таңдалынып отыр. Тамыз айының 1-17-сі аралығында білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары бағдарламаға қатысуға ниетті үміткерлердің өтініштерін қабылдады.

Endowment Qazaqstan Halqyna бағдарламасының әкімшісі 85 оқу орнының конкурстық комиссияларының хаттамаларын алған. Құжаттардың критерийлерге сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша келесі санаттар бойынша бөлінген 792 өтініш берушінің түпкілікті тізімі жасалды:

– 3 өтініш беруші (0,4%) – 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары;

– 168 өтініш беруші (21,2%) – жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

– 149 өтініш беруші (18,7%) – ауылдық елдімекендердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан үміткерлер;

– 177 өтініш беруші (22,4%) – мүгедектігі бар азаматтар;

– 295 өтініш беруші (37,3%) – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасында тәрбиеленіп отырғандар.

«Қазақстан халқына» қорының білім беру гранты тегін. Жылына 1 миллион теңгеге дейін жоғары білім алу құнын өтейді. Сондай-ақ грант иелеріне жылына 10 айға 40 мың теңге мөлшерінде ай сайын шәкіртақы төленеді.