«Полиция қызметкерлері биометриялық дерек жинап жүр» – Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде күдікті кісілер туралы ақпарат тарады. Бір топ адам жеке куәліктерді тексеру және биометриялық деректерді жинау үшін пәтерлерді аралап жүр деген хабарлама желі қолданушыларын үрейлендірді. Хабарламада үйге келетін топтың өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлеріміз деп таныстыратыны ескертілген.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді қолдана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер, – деп хабарлады ІІМ.
Мессенджерлер арқылы үрей туғызатын ақпараттар жиі таралады. 2023 жылы желі қолданушылары нанның құрамында әлемнің көптеген елдерінде тыйым салынған аса қауіпті химиялық зат бар екендігі туралы жаңалықтар сюжетін бөліскен. Ресми органдар мұндай қауесетті жоққа шығарды.