«Отбасы банктің» басқарма құрамы өзгерді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Отбасы банктің» басқарма құрамына кім келді / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма құрамы өзгерді. Банктің басқарма құрамынан Исламбек Қайырбеков кетіп, орнына Жасұлан Матай сайланды.

Қазақстан қор биржасындағы мәліметке сәйкес, Жасұлан Матай Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Қазіргі кезде банктің басқарма құрамы алты адамнан тұрады.

Олар: басқарма төрағасы – Ляззат Ибрагимова, Жасұлан Матай, Әлия Айдарбекова, Эльмира Распекова, Мұхтар Әзімбеков пен Нұрлан Ақшанов.

Исламбек Қайырбеков «Қазақстан Тұрғын үй» компаниясына ауысып, Басқарма төрағасының орынбасары болды.

«Отбасы банк» – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы. Оның 100% акциясы «Бәйтерек» басқарушы холдингіне тиесілі.

Қаржы ұйымының 2024 жылдың қаңтар-маусым айларындағы таза пайдасы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға төмендеген. Екінші тоқсандағы пайда да айтарлықтай азайды. Бір жыл бұрынғымен салыстырғанда көрсеткіш 39%-ға аз.

«Отбасы банк» биыл жаңа мембағдарламалар: «Отау» және «Наурыз» бағдарламасының операторы болды

Сондай-ақ оқыңыз